Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі жол апаты: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды

Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы айтылды

Фото: Видеодан скриншот

Ақтөбе облысындағы 12 адамның өмірін жалмаған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен 6 адамның төртеуі қазір жансақтау бөлімінде қарқынды қарсы шок терапиясын алып жатыр, екеуі жалпы бөлімде ем қабылдауда.

“Облыс орталығынан келген екі дәрігерлер бригадасы – балалар және ересектер тобы жұмыс істеп жатыр. Құрамында реаниматологтар, травматологтар, хирургтар мен нейрохирургтар бар. Науқастардың жағдайы мен өмірлік көрсеткіштеріне қарай қажет операциялар жасалды”, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендердің бірі бастапқыда ауруханаға жатудан бас тартқан. Алайда дәрігерлердің ұсынысынан кейін қатты соққы мен жарақат алғандықтан ауруханаға жеткізілді. Басқарма мәліметінше, медициналық мекеме дәрі-дәрмекпен және қан компоненттерімен толық қамтылған.

Қазақстан премьер-министрі апаттың себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құруды тапсырды. Комиссияның міндетіне қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына алғашқы кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдау да кіреді.


Жол апатынан соң Xiaomi электромобилінің есіктері бұғатталып, жүргізуші өртеніп кетті


Алматы облысында 13 жастағы жасөспірім жүргізген көлік жол апатына түсіп, екі адам қаза тапты


Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза тапқандардың арасында екі отбасының мүшелері бар.

“Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған екі бала бар: біреуі – 2022 жылғы, екіншісі – 2016 жылғы. 2022 жылы туған бала әкесімен бірге қаза тапқан. Сондай-ақ марқұмдар арасында әйел адам мен оның 18 жастағы студент ұлы да бар”, – деп мәлімдеді облыс әкімдігі.

Еске салайық, 23 қазанда Әйтеке би ауданында Жүргенев атындағы ауылдан Ақтөбеге жолаушылар тасымалдап келе жатқан “Газель” жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Алты зардап шегуші Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді, олардың бірі – бала.

Айым Болатқызы
Жұма, 24 Қазан, 2025 08:41
Талқылау