Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі мешітте әдепсіз ұсыныс алған блогерге тиіскен тағы бір ер адам 10 тәулікке қамалды

Видеодан скрин

Ақтөбедегі мешітте әдепсіз ұсыныс алған блогер қызға тиіскен тағы бір ер адам 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл жолы блогер Эммануэлла Наурызбаева Алматыда қысымға ұшырады. Ер адам оны танып, сәлемдескеннен кейін: "сіз ислам мен мұсылмандарды әдейі мазақ етіп жүрсіз бе?" деп сұрап, қызды "шайтан" деп айыптаған. 

Эммануэлла Наурызбаева құқық қорғау органдарына жүгініп, арыз жазды. Блогердің айтуынша, сот ер адамды 10 тәулікке қамауға алған. 


"Ислам дініне күйе жағуына себепкер болды": ҚМДБ Ақтөбедегі мешітте қызға бір реттік некеге тұруды ұсынған ер адамның ісін қаралайтынын мәлімдеді

"Ауғанстанға көшіп кет": Баян Мақсатқызы мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке ашуланды


"Заң жылдам, нақты және әділ жұмыс істеді. Әйелдерді қорлауға, кемсітетін пікірлер таратуға және жеке шекараларды бұзуға жол беретін барша адамға үндеу жасаймын: сөздеріңіздің және әрекеттеріңіздің салдарын ойлаңыздар. Біз әрбір азаматты қорғайтын заңы бар Қазақстан Республикасында өмір сүреміз", – деп жазды блогер.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы жазған едік. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовті 5 күнге қамау туралы шешім шығарды. Кейін Алматыда блогер Эммануэлла Наурызбаева тағы қысымға ұшырағаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 20:51
Талқылау
`