Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі мектепке екі рет бомба қойылды: Полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді

Ақтөбедегі мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат тарап, елді дүрліктірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 қаңтар күні сағат 10:15-те №51 мектеп-гимназиясының электронды мекенжайына мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты, оқушыларды, оқытушылар құрамы мен техникалық персоналдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 550-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимараттарға жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Естеріңізде болса, 18 қаңтар күні аталған мектептің мекен-жайы дәл осы сынды хабарлама келіп түскен болатын. Әзірге хабарлама жазған адам әлі анықталмады.
 

Талқылау