Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақтөбедегі коронавирус": Ұшақ жолаушылары Қазақстанның жеті қаласына кеткен

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 наурызда Испаниядан Мәскеу арқылы ұшып келген ақтөбелік әйелден коронавирус табылған еді. Ал Ресей астанасынан Ақтөбеге науқаспен ұшып келген жолаушылар еліміздің жеті қаласына әрі қарай жол жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйелді әуежайдан оған жақын отырған және жақын араласқан төрт жолаушымен бірге инфекциялық ауруханаға бірден алып кеткен болатын. Зертханалық талдамалар әйелден вирус табылғанын анықтағаннан кейін аталған борттың тағы 41 жолаушысы карантинге отырғызылды. Ал қалған 17 адам басқа қалаларға кетіп үлгерген. 

"Мәскеуден келген "Аэрофлоттың" ұшағында 58 жолаушы болған. Олардың екеуі - 1а категориясына жатқызылған елден, үшеуі 1б категориясындағы елдерден келген. Төрт жолаушы әуежайдан бірден инфекциялық ауруханаға жеткізілді. 41 жолаушы - Ақтөбе қаласының тұрғындары. Ал қалған 17-сі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Орал және Шымкент қалаларына кетіп қалған. Ол жақта оларды оқшауландыру қажеттілігі туралы хабарламалар жібердік", - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Нұрсұлу Беркімбаева. 

Сонымен қатар ол алты экипаж мүшелері қазір Ақтөбеде емес екендігін жеткізді. Ұшақ бортында сондай-ақ Ақтөбеде тұратын Әзірбайжан азаматы болған, қазір госпитальге жатқызылған. Әуежай қызметкерлері мен санэпидемиологтар да тексеруден өткен. 

Естеріңізге сала кетсек, қазір Қазақстанда коронвирусты жұқтырғандар саны 98 адамға жетті. Тағы екі Қазақстан азаматы коронивирустан Германия мен Венгрияда ем алып жатыр. Аталған дертке шалдыққан екі ел азаматы жазылып шыққан. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 531-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Марқұмның анасы карантинге жабылғандықтан жеткіншекті жерлеу рәсіміне қатыстырылмапты

Алматыда коронавирусқа байланысты инфекциялық аурухананың құрылысы басталды

Бой көтеретін емхана нысаны 280 орынға арналған

Карантиннен қашпақшы болған Ақтау тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды

Қазір карантинге жабылғысы келмеген азамат ауруханада жатыр

Коронавирус жұқтырғаны қаза болғаннан кейін анықталған: Ақмола облысында қаза тапқан науқас 73 жаста болған

Көз жұмған адам - 1947 жылғы Целиноград ауданының тұрғыны

Асқар Жұмғалиев 42500 теңгелік жәрдемақыны тағайындау барысында туындаған ақаулар жайлы пікір білдірді

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде миллионнан астам адамға электронды қызмет көрсетіліпті

СҚО-да коронавирусқа шалдыққан баладан жеті адам індет жұқтырған

4  сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен

Нұр-Сұлтанда бір адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда коронавирустан бесінші адам көз жұмды

Ауру жұқтырғандардың саны 525 болды

Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

79 жастағы қарт жасына қарамастан өте ширақ әрі белсенді болған
Çàãðóçêà...