Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі "Қанаттылар" инклюзивті театрының екі қойылымы аншлагпен өтті

Елордалық әртістердің бұл - өңірлерге алғашқы сапары. Ақтөбеден бастау алған гастрольдік іссапарда театр ұжымы бір күнде "Үй таңдаған лақ" ертегісі мен "Өмір-Ғайып" атты драмасын ақтөбелік көрермен назарына ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында сахналанған қойылымдарға жиналған жұртшылықтың қарасы көп болып, аншлагпен өтті. 

Өңір басшысы Асхат Шахаров "Өмір-ғайып" спектаклін тамашалады. Қойылым соңында алған әсерімен бөлісті, туынды тақырыбы өзекті екенін айтты.

"Бұл театр өмірге құлшынған, қандай жағдай болса да, өмір сүруге ұмтылған жандардың басын қосқан. Театр ұжымы шектеулі әлемнің шексіз мүмкіндігін көрсетіп жүр.  Киелі сахнада өнер көрсету - екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Спектакль өте әсерлі өтті. Қозғаған тақырыбы өзекті. Көрермен қойылымнан өзіне керегін алды деп ойлаймын. Спектакльде айтылғандай, өмір расымен бір рет беріледі, қателік жасауға болмайды. Әрбір жас үлкендердің ақылын тыңдап, тәлім-тәрбиесін алса, болашағы жарқын болары сөзсіз. Театр ұжымына осындай күрделі шығарманы сахналағаны үшін алғыс білдіремін", – деді ол. 

Талқылау