Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі барлардың бірінде ірі өрт шықты (видео)

Ақтөбедегі барлардың бірінде ірі өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 тамыз күні сағат 13:13 шамасында (Астана уақыты) "Алефун" сыраханасының шатыры өртенген. Үш қабатты ғимараттағы өрт аумағы 280 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 45 қызметкері мен Апаттар медицинасы орталығының (ЦМК) үш қызметкері жіберілді, 12 техника жұмылдырылды.

"Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы балабақшадан 40 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Сағат 14:06-да бар аумағындағы өрт сөндірілді. Өрттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Instagram қолданушылары атап өткендей, Жұбанов көшесінде орналасқан бар ғимараты жақында ғана салынған.

Талқылау