Ақтөбелік полицейлер қарсыласқан қарулы ер адамды атып өлтірді
“Ақтөбе-Богословка” тас жолында қарулы ер адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетпекші болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
“12 қаңтар күні “Ақтөбе-Богословка” тас жолы бойында “Лада Приора” маркалы көлік тоқтап, ішінен шыққан ер адам полиция қызметкерлеріне қарай оқ атқан. Ол қаруды тастау туралы талапты орындамай, полицейлерге оқ жаудыруға тырысқан. Осыдан кейін оған қарсы табелдік қару қызметі қолданылды”, – делінген хабарламада.
Құқық бұзушының денесінің төменгі бөлігі жарақаттанған. Дәрігерлер оған жедел көмек көрсеткенімен, ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Ер адам бұған дейін де тәртіп бұзушылығы үшін сотталған екен.
“Оқиға орынынан табылған қару 2006 жылдан бері РФ Башқұртстан полициясы іздеген қару болып шықты. Оған байланысты сараптама тағайындалды”, – деді ІІД.
Қазіргі таңда құқықтық мақсатта табелді қару қолдану бойынша қызметтік тексеріс басталды.
Оқи отырыңыз:
Алматыда ер адамды пойыз қағып кетті
Атырауда дұға үшін ақша талап еткен имам жұмыстан қуылды
Қарағандыда BMW автокөлігі жанармай құю стансансына кіріп кетті (видео)
Ақтөбеде әйел 11 айлық сәбиін жатақхана дәлізінде тастап кеткен