Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде зорлаушыдан қашқан 21 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Ақтөбеде 21 жастағы қыз терезеден секіріп кетті.

Қазанның 12-нен 13-не қараған түні жалдамалы пәтердің бірінде оқыс оқиға болды. Болжам бойынша, бойжеткенді қалалық коммуналдық мекеменің қызметкері зорламақ болған. Ер адамнан қашпақ болған қыз қауіпті болса да, терезеден секіріп кетуді жөн көрген, деп жазады “Актобе Таймс”.

«Бойжеткен бізге 13 қазан күні келіп түсті. Тексеруден өтті. Омыртқасы мен оң аяғы жараланған. Қан құрамында да алкоголь бары анықталды», дейді теміржол ауруханасының орынбасары Гүлмира Кұлжанова.

Зардап шеуші 17 қазан күні ауруханадан шыққан. Полиция сол күні зорлау оқиғасының болған-болмағанын тексеруде.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік танымал бизнесмен жарылыс жасап өзін жарып жібермек болды

ЮНИСЕФ: Қазақстанда сәбилер дәрігерлердің жетіспеушілігі мен салғырттығынан шетінейді

Өзіңізді тексеріңіз: Даусына қарап адамның мінезін білуге болады

Талқылау