Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері көз жұмды

Қалихан Қозбағаров Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасының қабырғасында пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" порталына сілтеме жасап.

Қалихан Қозбағаров 10 шілде күні түстен кейін дүниеден озды.

"Сене алмаймыз. Бүкіл аурухана болып уайымдадық. Соңғы 2 күнде ол өзін жақсы сезінді, біз өте қуандық. Бүгін қымыз сұрады, біз ол сауығып, бәрі жақсы болады деп ойладық, бірақ шамамен сағат 16:00-де оның өмірі үзілді. Ол керемет дәрігер, басшы, адам еді. Ол өз ісіне адал болды. Өзі коронавирус жұқтырған науқастар жатқан бөлімшелерге барып, күніне екі рет аралап шығып, әрқайсысына уайымдады, бірақ біздің дәрігер өзін құтқара алмады", - деп еске алады Қалихан Қозбағаровтың әріптестері.

Қазан айында Қалихан Қозбағаров 60 жасқа толар еді.

Талқылау