Ақтөбе облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Ақтөбе облысында іс-түссіз жоғалған оқушының денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбеде жүзден аста адам бірігіп іздеген, 11 сынып оқушысы Анатолий Лебедев өлі күйінде табылды. Бұл туралы облыстық ПД мәлімдеді.
Бозбаланың денесін Алғын ауданына қарасты Қарақұдық ауылынан 4 шақырым жерден іздеу тобы анықтапты.
"Баланың денесінен жарақаттар байқалмайды. Алдын ала болжамдар бойынша бала үсіп өлген. Арнайы сараптамалар тағайындалды", - деді ПД қызметкерлері.
Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталып кеткен.
Бұған дейін Ақтөбе облысында жасөспірім Жаңа жыл түні із-түссіз жоғалып кеткендігі айтылған еді. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, еріктілерден және ауыл әкімдігі қызметкерлерінен құралған топ қатысқан.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн