Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде университет алдында студентті пышақтап, қансыраған күйі қалдырып кеткен

Ақтөбеде қаланың қақ ортасында қатарластары студент жігітті пышақтап, оны қансыраған күйі сол жерге тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жасөспірім ойыннан үзіліс жасауды сұраған әкесін пышақтап өлтірді

Ақтөбеде 19 жастағы студент жігітті мемлекеттік университет жанында пышақтап кеткен: оның аяғын кесіп, өкпесіне пышақ сұққан. Қансырап жатқан жігітті көрген адамдар дереу жедел жәрдем шақыртыпты. Десек те студент бала ауруханаға өз күшімен жетіпті. Бозбаланың жағдайы ауыр көрінеді. Ал оған қатегездік танытқан адамдар әлі қолға түспеген.  Оқиға орнына тәртіп сақшылары да келген. Университет басшылары болса студенттердің арасындағы кикілжіңді байқамадық деп ақталды. 

Жарақат алған жігіт Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің екінші курсының студенті екен. Сабақтан шыққан бірнеше студенттің арасындағы дау-дамай жаппай төбелеске айналған. Онымен қоймай төбелескендердің арасындағы біреуі өзінің қатарласына пышақ сұққан. Қылмыстық оқиға дәл оқу орнының алдында орын алса да, оқытушылар жағдайды кештетіп, дәрігерлерден бір-ақ естіпті. Полицейлер университет жанындағы бақылау камераларын қарап, таспаларды дәйек ретінде тіркепті.  

"Бізде 320 деген камера бар екен. Тоғыз қабатты үй қасында. Сонымен іздеп жатыр. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сол адамды табуға барлық мүмкіндікті жасап жатырмыз", - Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ департамент директоры Қарлығаш Сатыбалдина.

Дәрігерлердің айтуынша, студент бір литрдей қан жоғалтқан, бұған қоса өкпесіне жарақат келген. Пышақ, абырой болғанда, жүрек тұсына жетпей қалыпты. Қазір ол отадан кейін есін жиыпты. 

"Сол жақ кеуде қуысының кесіліп, тесілген жарақат. Өкпесінің жарақаты анықталды. Операция жасалып, өкпесінің жарақаты тігіліп, сол жақ аяғының жарақаты да тігілді", - Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Қазір бірнеше студент төбеске қатысы бар деп ұсталыпты. Бірақ пышақты сұққан жігіт әлі қолға түспеген.

"Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полицейлер төбелеске қатысушыларды анықтап, ұстады. Сондай-ақ пышақ жарақатын салған адамның жеке басы анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда", Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында оқушылар мен студенттер арасында бір-біріне пышақ ала жүгіретін жасөспірімдер көбейіп кетіпті. Өткен аптада Шалқарда оқушылар жаппай төбелесіп, бір оқушыны пышақтап кеткен еді.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр