Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жетім баланы сүлгімен сабаған тәрбиеші жазадан құтылып кетті

Ақтөбеде 10 жасар жетім баланы сабаған тәрбиеші жазадан құтылды. Туберкулез дертінен емдейтін шипажайдың бұрынғы қызметкеріне баланы қамқорлығына алған мекеме кешірім беріпті. Осылайша тәртіп сақшылары істі жабуға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жарты жыл бұрын "Шағала" шипажайында 57 жастағы тәрбиеші ем алып жатқан баланы сүлгімен ұрып-соғады. Оның озбыр қылығын қасындағы бала таспаға түсіріп, анасына жіберген. Жетімге жәбір көрсеткен тәрбиешіге қатысты іс қозғалып, баланы ұрғанын көре тұра, еш шара қолданбаған тағы бір тәрбиеші жұмыстан қуылды.

Жетімге қол жұмсаған педагогтың ісі ұзақ уақыт тергелгенімен, ақыры сотқа жетпей жабылды. Өйткені жетім баланы қамқорлығына алған лагерь басшылары тәрбиешіге кешірім беріп, келісімге келген.

Соққы алған жеткіншек бұған дейін бірнеше отбасылық үлгідегі балалар үйінде тәрбиеленіпті. Соңғы болған Қобда ауданындағы жетімдер үйінен енді "Күншуақ" деген лагерге ауыстырылған.

"Заңды өкілі қазіргі тәрбиеленіп жатқан жері ғой. "Күншуақ" лагерінің тәрбиеленушісі болып табылады. Сол жақпенен енді заңды түрде. Тәрбиешінің үстінен іс қозғалып, қазір тоқтатылды", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлназ Мырзағалиева.

Еске салайық, бұған дейін тәрбиеші жұмыстан қуылғаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр