AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде Жеңіс күні қалай аталып өтілді

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ақтөбе қаласындағы Даңқ аллеясы мен Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, қала әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар, қала тұрғындары қатысты. Шараға қатысушылар ең алдымен соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұдан өзге облыстың барлық аудандарындағы мемориалдық кешендер мен ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Қаладағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта, "Мәңгілік алау", Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені алаңдарында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыс әкімінің орынбасарлары Бұлбұл Елеусінова, Ермек Кенжеханұлы, Жақсығали Иманқұлов, қала әкімі Асхат Шахаров Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сатылған Бекмағамбетов, Ғизат Тухтабаев, Ажар Уразгалиева, Борис Конюшенко, Вера Лоткованың үйіне барды.

Соғыс ардагерлеріне облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтауын жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр