Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде жүргізуші 7 жасар баланы қағып кетті
Ақтөбеде Lada автокөлігінің жүргізушісі 7 жасар жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
15 шілде күні сағат 16:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы Иманов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Lada Largus автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 7 жастағы баланы қағып кетті.
Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Тергеу жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”