Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде күйеуі мен аяғы ауыр әйел қаза тапты

Ақтөбе көшелерінің бірінде көлік жүргізушісі 29 жастағы ер адам мен оның 27 жастағы жұбайын қағып кетті. Аяғы ауыр болған келіншек қатты соққыдан тіл тартпастан кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Актобе Таймске" сілтеп.

Ажалы көліктен келген ерлі-зайыптының артында үш баласы қалды. Үлкені - 6  жаста, кенжесі әлі бір жасқа келмеген.

"Біз Жем қаласының тұрғындары кеше болған жол-көлік апатына кінәлі жазадан құтылып кете ме деп қорқамыз. Сол себепті халық естісін дедік. Жас отбасының өлімін естігінде үстімізден жай түскендей болды... Ата-анасы мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды қала тұрғындары әлеуметтік желіде.

Бірнеше жыл бұрын Ақтөбеге қоныс аударған ерлі-зайыптының денесі Жем қаласына жерлеуге әкелді. Жол-көлік апатынан кінәлі жігіт жаяу жүргіншілер өтетін жерге жете берісте тоқтап үлгермеген. 

Салдарынан 27 жастағы келіншек сол жерде тіл тартпастан кетті. Ал ер азамат ауруханаға жеткізілгенімен ертесіне көз жұмды. 

Ақтөбе облысының полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов жаяу жүргіншілер өтетін жерге жақындағанда жылдамдықты азайту керегін ескертті. Оның айтуынша, облыста жыл басынан бері осыған ұқсас 12 жол-көлік апаты тіркеліп, 2 адам қайтыс болды. 

 
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр