Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жалған террористің хабарламасынан кейін бірнеше мектепте алғашқы қоңырау өтпей қалды

Ақтөбеде жалған террористің хабарламасы бірнеше мектепте алғашқы қоңыраудың өтуіне кедергісін келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Ақтөбенің барлық жедел-құтқару қызметкерлері қаланың сегіз мектебіне шұғыл жетіп, оқу орындарына жарылғыш заттар қойылды делінген ақпаратты тексеріп жатыр.

Аталған уақытта белгісіз адам тоғыз мектепте жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Олардың қатарында №1, 2, 6, 8, 10, 21, 27, 51, 56 мектептері бар деп мәлімдейді "Диапазон" басылымы.

Ата-аналар мен оқушылар қоршауға алынған ғимараттан көшірілген, ал мектептер ішінде ішінде әскерилер, полиция және іздеуші иттері бар кинологтар жұмыс жасауда.

Облыстық полицейлердің мәліметінше, 1 қыркүйекте сағат 08:30 шамасында №2 орта мектептің электронды мекенжайына Ақтөбедегі алты мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

"Оқиға орнына барлық жедел қызметкерлер мен саперлер тобы жеткен. Оқушылар, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер эвакуацияланды. Полиция бөлімі күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде", – деді полиция өз есебінде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Терроризм актісі туралы біле тұра жалған ақпарат беру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 01 Қыркүйек, 2021 12:02
Талқылау