AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе вокзалында жолаушы Ashyq қосымшасындағы мәртебесін көрсетпегені үшін сотталып кетті

Ақтөбеде Ashyq қосымшасындағы мәртебесін көрсетпеймін деп қарсыласқан отыз жастағы Ақтаулық жолаушы 39 мың теңгелік вокзал терезесін сындырып, шу шығарғаны үшін заң алдында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сот отыз жастағы Ақтау тұрғынын бір жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Ақтаудан келген қонақ вокзалға Ashyq қосымшасын көрсетпей кіргісі келген. Алайда, күзет пен кезекшілердің  қарсы талабын орындамаған жолаушы соңын жанжалға айналдырып, тротуар тасын алып вокзал терезесіне лақтырған.

Қоғамдық ортадағы агрессивті мінез-құлқы мен ҚТЖ құнын 39 мың теңгеге бағалаған вокзал терезесін сындырған жолаушыны полицейлер сол арада ұстаған.Кейін іс материалдары сотқа жіберілген.

Сот процессінде шу шығарушы өз кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрай отырып, бас бостандығынан айырмауын, жазасын жеңілдетуін өтінген.Сот айыпталушының шын өкінгенін ескере отырып, оны бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесті.

Сәйкесінше, осы уақыт көлемінде айыпталушы кешкі уақытта сыртқа шығу, ойын-сауық мекемелеріне бару құқығынан уақытша айырылды. Сонымен қатар, есепте тұрғандарды бақылау бөліміне уақытылы хабарлау тапсырылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр