Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ұтыс көлігіне таласқан жұртшылық сауда үйінде төбелес шығарды

Сенбі, 14 қаңтар күні Ақтөбедегі “Анвар” сауда орталығында ұтысқа тігілген Toyota Camry және өзге де қымбат сыйлықтарға байланысты шу шықты.

нннн

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Конкурс шарты бойынша, адамдар 5-10 мың теңге аралығында сауда жасап, арнайы купонды толтыруы тиіс болған.

Алайда адамдар айтқан уақытында сауда орталығына келген кезде, ұйымдастырушылар акцияның жергілікті телеарнада өткізілгенін хабарлаған. Шын мәнінде, буклет сыртында ұтыстың телеарнада ойнатылатыны жазылған екен.

Акция қатысушылары сонда да өздерін алдап соқты деп есептеп, жұмсаған ақшаларын қайтаруды талап ете бастаған. Тіпті кейбірі ұтысқа тігілген автокөлікті аударып тастауға да әрекеттеніпті.

“Халық ұтыстық “Анварда” өтпегеніне қатты наразылық танытты. Айқайлап, шу шығарды. Келушілер негізінен сауда жасау үшін емес, ұтысқа бола аяқ басқан. Адамдар ақшаларын қайтаруды талап етуде, біреу 60, біреу 50, ал енді бірі 30 мың теңге құртқан.

Оқи отырыңыз:

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қазақстанның барлық қоғамдық орындарында тек қазақша музыкалар қою ұсынылды

Танымал адвокат “тіркелмегендігі” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылуға болатынын айтты

Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды

Талқылау