Ақтөбеде тұрғын үй жанынан екі әйелдің мәйіті табылды
Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіре берісінен екі әйелдің мәйіті табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: POLICE.KZ
Бұл туралы ішкі істер министрлігі жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға бүгін түнде тіркелген. Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапқан.
“Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады. Олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды”, – делінген полиция ақпаратында.
Сонымен қатар деректе бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жазылған. Оқиғаның себептері анықталуда.
Талқылау