Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталды
Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция бірлесіп, радикалды діни ұяшықтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, терроризмді насихаттау бойынша күдікпен екі Қазақстанның азаматы ұсталды.
Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мазмұндағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді.
Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) бойынша тіркелді.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”