Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккен халық өтемақы талап етіп әкімдікті сотқа берді

тасқын

Видеодан скриншот

Ақтөбеде тасқынынан зардап шеккен тұрғындар әкімдікті сотқа берді. Көктемде қаланың іргесіндегі Қурайлы елдімекеніне сайдың суы жетіп, үйлерді басқан. Дүние-мүлкі бүлінген бұқара табиғи апатқа әкімдіктегілерді кінәлап отыр. Себебі көпір дұрыс салынбай, алапат су жиналып жан-жаққа жайылды дейді. Сондықтан шығынымызды шенеуніктер өтеп берсін деген талап қойды. 

Наурызда сайдың суы тасып, Қурайлы елдімекенін әбігерге салған. Көшелерге жайылған су үйлердің де ішіне кіріп, халықтың дүние-мүлкі бүлінген. Бірақ арада бір ай өтсе де шығынды ешкім өтеп бермеді дейді халық.

“Келінімді құтқарушылар көтеріп шығарды, баламен арқалап. Септигім толды, жертөлем толды. Ешкім жоқ. Не істеу керек? Бүлінді, шығарып кептіріп алдым. Қашанғы күтемін оларды. Шіріп жатыр. Біздің шығынымызды өтеп берсін. Қалай болса да. Әкім болсын, мына көпірді салған адам болсын”, – деді Қурайлы елдімекенінің тұрғыны Рабиға Қалиева. 

Тұрғындардың сөзінше, елдімекен ортасымен өтіп жатқан сайдың үстінен көпір салынған. Алайда ақсақалдар өткел астындағы су өткізетін сақинаның тар екенін, көктемде ауылды су басып қалатынын айттық. Алайда құрылыс компаниясы сөзімізге құлақ аспады дейді. 

“Тамағымның бәрі суға кетті. Үйім мен фундаментім суға кетті. Бір жақ фундаментім опырылып тұр. Шергілікті әкім немесе Шахаров кісілерін жіберіп, “Қараңдар не көмек керек екен халыққа” деген бір ауыз сөз айтпады. Сонда біз қандай елде тұрып жатырмыз? Біз кімге керекпіз?” – деп ашынды тұрғын Гүлбану Мирхина. 

Тасқын аяқталған соң кезде жұмысшылар ені үлкен су өткізгіш құрылғыларды алып келген екен. Ал жауаптылар көпірдің дұрыс салынбағанын мойындап отыр.

“Жыл басында судың сыртқы сулардың көп келуіне байланысты, аталмыш аудандағы жасанды нысанды біз өзіміз, жанына бұзып, қазіргі таңда басында одан үлкенірек екі жарым да екі көлемді су өткізгіш құрылғысын апарып қойдық. Ертең 15 мамырдан бастап жұмыстар бұл нысан бойынша жалғасады”, – деп мәлімдеді Ақтөбе қалалық түкш, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы Сәкен Баубеков. 

Шенеуніктер халыққа шығынды өтеп бере алмаймыз, себебі өңірде төтенше жағдай жарияланбады деп ашық айтты. Өтемақы талап еткен тұрғындар әкімдіктің үстінен шағым түсірген. Бұл мәселе енді сотта шешілмек. 

Назархан Уән
Сенбі, 03 Мамыр, 2025 08:24
Талқылау