Ақтөбеде тағы бір мәйіттік донор отасы жасалды
Ақтөбеде ҚР Ұлттық трансплантология орталығының директоры Жақсылық Досқалиев пен ақтөбелік дәрігерлер бірігіп бауыр ауыстыру отасын жасады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Туған жер” форумына келген Ұлттық трансплантология орталығының директоры Жақсылық Досқалиев бүгін бауыр ауыстыру отасын жасады. Таңғы сағат 5:00-де басталған ота түстен кейін аяқталды. Бұл – Ақтөбеде өткен мәйіттік трансплантацияның екінші отасы болғанымен, бауыр алмастыру бойынша алғашқы операция.
“Ақтөбе медициналық орталығында 47 жастағы ер адамның бауыры ауыстырылды. Мәйіттік донор бойынша бауыр ауыстырудың алғашқы отасы жасалып отыр. Донордың кім болғаны айтылмайды. Бізге академик Жақсылық Досқалиев көмектесті. Ота сәтті өтті. “Туған жер” форумы аясында Ақтөбеде тағы бір ота жасалады. Ол ертең Оңтүсік Кореядан келген дәрігер Кванг Вунг Лидің көмегімен өтеді”,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс хирургі Ерлан Сұлтангереев.
Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде кореялық дәрігерлердің көмегімен 25 бүйрек, 9 бауыр ауыстыру отасы жасалды.
Жіберіп алмаңыз:
Астана мектептерінде жаппай робототеxника оқытыла бастады
Шымкентте бойжеткенді ішінен ұрып құлатқан полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталды
Павлодарда жағдайы жоқ студенттер бюджет есебінен оқытылмақ
Алматыда Қытай консулдығынан виза ала алмаған жұрт шу шығарды