Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде SPA-салонның атын жамылып, интимдік қызмет көрсеткендер құрықталды

Ақтөбеде интимдік қызмет ұсынатын SPA-салонның жұмысы әшкере болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды ұсынған SPA-салонның әкімшісі ұсталды. Ол - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен екі қыз анықталды", - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің "Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Талқылау