Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сотталып жатқан азамат ернін тігіп тастап аштық жариялады

33 жастағы Нұрлан Жуланов өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Ол үйіне түскен қарақшылардың  сазайын өзі берген. Оған көмектескен әкесі мен екі сыбайласы да қамауда, деп хабарлады КТК.

© Foto: aktobenews

Бұл төртеу –адам ұрлап, қамауда ұстады және кісі өлтірді деген айыптар бойынша сотта жауап беріп жатыр. Туыстары жақындарының мұндай жауыздыққа барғанына сенбей, облыстық прокуратура алдында наразылықтарын білдірді.

Бұл оқиға осыдан сегіз ай бұрын болған. Сотталушы Нұрслан Жулановтың туыстарының айтуынша, қаруланған бес жігіт тамыздың сегізі күні түнде  үйлеріне шабуылдайды. Оларға қарсылық көрсетіп, қарақшылардың бірін ұстап алған көрінеді. Оны Жулановтар жертөледе таңға дейін қамап ұстайды.

Осы оқиғаға куә болған Жулановтар әулетінің отанасы ұлы мен күйеуіне шаң жуытпай отыр. Ол бүгін жанына туыстарын ертіп алып, облыстық прокуратура алында наразылығын білдірді. Аймақтың бас прокурорының қабылдауына сұранып, жеке өзіне арызын айтпақшы екен. Оның сөзінше, ұлы мен күйеуі керісінше қарақшылардан қорғанды деп ақталады. Дегенмен, Нұрсланның екі досымен қарақшыны жертөледе ұстап отырғанда, тәртіп сақшыларына неге хабар бермегенін түсіндіріп бере алмады. Оның үстіне аштық жариялаған Жуланов үйіне шабуыл жасағандарды ертесіне кек алу үшін іздеген. Солардың бірін тауып алып, буындырып өлтіріпті.

“Өзіңмен қосып отбасыңды да қырып саламын деп қорқытқан. Ақша төлеген шығар”, – деді сотталушының анасы Алмагүл Жуланова.

Қазір Нұрслан Жуланов пен оның әкесіне және екі сыбайласына қатысты іс арнайы мамандандырылған сотта қаралып жатыр. Тағылған айып тым ауыр. Сотқа іс бес бірдей бап бойынша түскен. Нұрслан Жулановтың сүттен ақ, судан тазамын деп аштық жариялағанына жарты ай болыпты. Соңғы сот процессінде талып та қалған. Дегенмен, оның адам өлтіргенін жақындары да айтып отыр. Тек ақтап аламыз деген ниетпен қорғаныс туралы айта береді.

Облыстық прокуратура ғимаратының алдында бір топ адам үймелеп тұрған соң сондағы өкіл шықты. Ол сотталушының анасын ертіп кетті. Оның арызын қабылдаймыз деп уәде берді. Дегенмен, сотқа жеткен іске енді нүкте қоятын тек судья ғана.

Тағы оқыңыз:

Оралда қонақ үйден алматылық жігіттің өлі денесі табылды

Назарбаев: Наурыз түбінде біздің жаңа жылымызға айналады

 

Талқылау