Ақтөбеде полиция басшысына қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе қаласында сыбайлас жемқорлық фактісімен полиция басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақпарат ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасында жарияланды. Дерекке сүйенсек, қаладағы полиция бөлімі басшыларының бірі сыбайлас жемқорлық ісімен күдікке ілінген.
“Ақтөбе облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады”, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайтыны жазылған.
ХХХХХХ
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ