Ақтөбеде полицейлерге пышақ ала жүгіріп, жұртты дүрліктірген ер адам жындыханаға жіберілді

Ақтөбеде көшеде полицейлерге пышақ ала жүгіріп,жұртты дүрліктірген 45 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ендігі ол психдиспансерге жіберіліп, мәжбүрлі түрде ем алуы қажет, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде полицейлерге пышақ ала жүгіріп, жұртты дүрліктірген ер адам жындыханаға жіберілді

Еске сала кетсек, осыдан 4 ай бұрын Сағат Ағадиев есімді ер адам  есірткі шегіп алып, қымбат көлікті тізгіндеп, көліктерге соғылаған еді. Артынша оған тосқауыл болмақ болған полицейлерге пышақ ала жүгірген.

Белгілі болғандай ер адам бұған дейін де сотты болып, түрмеде жазасын өтеп шыққан екен. Дәрігерлер оның бұрын басынан жарақат алып, салдарынан ақыл-есіне әсер еткенін растады. Сондай-ақ оның нашақорлығы да бар.

Ағадиевтің өзі сот процесіне келген жоқ. Оның орнына әкесі келіп, ұлына кесілген үкімді тыңдады.

«Қылмысты есі дұрыс емес күйде жасаған. Ағадиев Сағат қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Ағадиевті жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда ұстау шарасы қолданылсын», – дейді сот төрағасы Ербол Әбдіхалықов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген
Çàãðóçêà...