Ақтөбеде полицейлер атып өлтірген бұзақымен болған арадағы келісімсөздің видеосы шықты
Ақтөбеде тіс емханасының қызметкерін бес сағат бойы кепілде ұстаған жігітті тәртіп сақшылары атып өлтірді. Абылай Тілеуов есімді азамат райынан қайтармақ болғандардың ешбіріне көнбей қойған.
Бұзақы әкімшіні кепілге алу арқылы 7 наурыз күні ажырасып кеткен бұрынғы әйелін өзіне алып келуді талап еткен.
“14 наурыз күні сағат 19:00 шамасында Әлия Молдағұлова даңғылында белгісіз ер адамның 26 жастағы стоматология әкімшісін кепілдікке алып, оны өлтірем деп қорқытып отырғаны туралы хабар келіп түсті. Қылмыскер 24 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны екен. Бұған дейін үш сағаттай бұрын ер адам бұрынғы әйелін өлтірмекші болып оның ата-анасының үйіне барып, 47 жастағы қайын енесіне пышақ жарақатын салған”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Келіссөздер нәтижесіз аяқталғаннан кейін, түн ортасында полиция кепілдегі тұтқынды босатып, оның өмірін құтқару үшін күштік операцияны іске қосты. Қылмыскер операция барысында өлтірілді.
Ғаламторда полицейлер мен бұзақы Абылай Тілеуовпен болған арадағы келісімсөздің видеосы жарияланды.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда өзін полицеймін деп таныстырған жігіт төрт шетелдік студентті тонап кетті
Исламды жек көретін жігіт Құранды жыртып лақтырып тастады (фото)
Шымкентте жол бойында тұрып жанармай сұрайтын алаяқ қыз пайда болды (видео)