Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлер кепілге алынған әйелді құтқару үшін бұзақыны атып тастады (видео)

Ақтөбеде арнайы операция барысында стоматология әкімшісін тұтқынға алған ер адамның көзі жойылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

актобе1

Бұзақы әкімшіні кепілге алу арқылы 7 наурыз күні ажырасып кеткен бұрынғы әйелін өзіне алып келуді талап еткен.

“14 наурыз күні сағат 19:00 шамасында Әлия Молдағұлова даңғылында белгісіз ер адамның 26 жастағы стоматология әкімшісін кепілдікке алып, оны өлтірем деп қорқытып отырғаны туралы хабар келіп түсті. Қылмыскер 24 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны екен. Бұған дейін үш сағаттай бұрын ер адам бұрынғы әйелін өлтірмекші болып оның ата-анасының үйіне барып, 47 жастағы қайын енесіне пышақ жарақатын салған”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

актобе2

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 107 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалған.

актобе

“Бес сағат бойы ІІД басшылығы, Ақтөбе прокуроры келіссөз жүргізді, алайда қылмыскер заң талаптарын орындаудан бас тартып, оқиға орынына әкелінген туыстарымен сөйлесуге де қарсы болды. Жауап ретінде ол бұрынғы әйелін әкелуді талап етті.

актобе3

Келіссөздер нәтижесіз аяқталғаннан кейін, түн ортасында полиция кепілдегі тұтқынды босатып, оның өмірін құтқару үшін күштік операцияны іске қосты. Қылмыскер операция барысында өлтірілді. Арнайы операция кезінде тұтқын әйел зардап шеккен жоқ, қазір ол дәрігерлер мен психологтардың қарауында. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

 

Оқи отырыңыз:

Қарағандылық зағип жан көзі сау кезінде жазған диссертациясын қорғағысы келеді

Мүгедек қария саусақтарының орнына сым байлап күй тартты (фото)

Қазақстанда 600 адамдық мешіт 220 млн теңгеге сатылымға шығарылды

Желіде 14 жаста деп танылған жас жұбайлар шын мәнінде 20-дан асқан болып шықты

Талқылау