Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 600 адамдық мешіт 220 млн теңгеге сатылымға шығарылды

Қазақстанның Арқалық қаласында 600 орындық мешіт 220 миллион теңгеге сатылады.

_MG_4544

Ауданы 2000 шаршы метр болатын нысан еліміздегі жарнама ресурстарының бірінде саудаға шығарылып отыр, деп хабарлайды «Тілші».

Хабарландыруға сенсек, нысан кірпіштен салынған. 2000 жылы тұрғызылған. Жағдайы жақсы. Интернет жүйесі бар. 300 сотық жерді алып жатыр. Сонымен бірге, қауіпсіздік мақсатында терезелерінің торланғаны айтылған. Сигнал беру қондырғыларымен жабдықталған.

Сатылымға шығарып отырған адам оны айырбастауға болатынын да көрсетіпті. Хабарландыру соңында нысанды саудаға шығарып отырған иесі емес екендігін, онымен тек электронды хат жазу арқылы байланысуға болатынын айтқан.

Хабарландыру 12 наурызда орналастырылған.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да ерлі-зайыптыларды асқан қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Белсенді: Аналар оқушы қыздарына мүшеқапты қолдануды өздері үйрету керек

Жасөспірімді тепкілеп өлтірген қылмыскер “сексуалды аяқтарын” көрсетіп мақтанды

Талқылау