Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде 14 жаста деп танылған жас жұбайлар шын мәнінде 20-дан асқан болып шықты

Ақтаулық жас жұбайлар Ерғазы мен Динара Меңдібаева өздерінің шын жасын айтып берді.

1489463426 (1)

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Олардың суреті желіде таралып кеткен соң өздері де таныла бастады. Жас жұбайлардың суреті желіде «Жаңаөзенде 2003 жылғы қыз бен жігіт үйленді» деген атпен таралып кеткен болатын.

«Маған досым жаңалықтар сайтында жарияланған суретімізді көрсетті. Әйелім екеуміз бұған күлісіп қойдық. Кейіннен бұл жаңалық өзге де сайттарда жарияланып кетті. Әйелім бұған ренжи бастады. Әсіресе, елдің ешнәрсені білмей жатып жағымсыз пікір жазғандары жанымызға батты», – дейді Ерғазы.

Олар Жаңаөзеннің емес, Ақтау тұрғындары болып шықты. Өздері 2016 жылы үйленгендерін айтады. Ол кезде күйеужігіт 21 жаста, ал қалыңдығы 20 жаста болған.

«Біздің кәмілет жасқа толғанымызға бұрын да ешкім сенбейтін. Жеке куәлігімізді көрсетіп жүретінбіз. Енді ел одан әрі шулап кетті. Тіпті қоғамдық орындарда көрген адамдар келіп «Шынында 14 жастарыңда үйлендіңдер ме?» деп сұрайды. Мен мұндай жалған ақпаратты таратқан адамның әрекетін түсінбеймін», – дейді Ерғазы.

Ғаламторда жалған айтып, жала жапқаны үшін заң бойынша 2 мың АЕК (4 млн теңгеден астам) айыппұл төлейді немесе жұмыс істеп жазасын өтейді. Тіпті екі жылға бас бостандығынан айырылады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда 600 адамдық мешіт 220 млн теңгеге сатылымға шығарылды

Қытайлық блогер су қайнататын офис құрылғысына сорпа пісіріп тамақтанды (видео)

Қытайда жазасын өтеген үш қазақстандық азамат елге қайтарылды

Талқылау