Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицей халықаралық көмек белгісін көрсеткен жігітті құтқарып қалды

Ақтөбеде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Аймереке Мұханбетқазина көмек керек деп ишарат еткен жас жігітке көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Полиция қызметкері кафенің жанынан өтіп бара жатып, үш жас жігіттің қатты дауыспен сөйлесіп тұрғанын байқаған. Форма киген әйелді көрген жігіттер бірден тыныштала қалған. Жақындап келе жатқан Аймереке Мұханбетқазина жігіттердің бірі оған халықаралық көмек белгісі деп саналатын қол қимылын көрсетіп тұрғанын байқап қалады.

"Жігітке қауіп төніп тұрғанын түсінген Мұхамбетқазина дереу 102-ге хабарласқан. Әріптестері келгенше ол қылмыскерлерді өз бетімен ұстамақ болып. Ол шабуыл жасаушылардың бірінің қолында пышақ тәрізді затты ұстап тұрғанын байқап, олармен сөйлеспек болған. Осы уақыт ішінде полицейлер оқиға орнына жетіп үлгерді", – деп хабарлады полицейлер.

Құқық бұзушылар ұсталды. Жастардың ақшаға байланысты жанжал мәселесін шешіп жатқаны анықталды.

Талқылау