Ақтөбеде өртенген автобуста әкесі мен баласы және бірнеше ағайынды жанып кеткен
Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысында өртенген автобуста қаза тапқан азаматтардың толық тізімін жариялады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 19 қаңтарда арнайы ұшақ Ақтөбе облысында өртеніп кеткен 52 адамның мәйітін Өзбекстанға жеткізді.
Тізімде қаза тапқандар Әндіжан, Наманған, Ферғана, Сұрхандария облысы мен Ташкент қаласының тұрғындары екені көрсетілген. Өрт салдарынан қаза тапқандардың ең кішісі 18 жаста, ең үлкені 50 жаста болған.
Ағайындылар – 31 жастағы Хамидолла мен 26 жастағы Хабиболла Мадрахимовтар, сонымен бірге 21 жастағы Абдулбоки және 23 жастағы Турдиали Мухсинжоновтар автобустағы өрттен көз жұмған. Сонымен қатар әкелі-балалы 47 жастағы Адхамжон Марифджанов пен 20 жастағы Авазбек қаза болды.
Естеріңізге сала кетсек, 18 қаңтарда сағат 10.30 шамасында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде ішінде 57 жолаушы бар автобусы өртеніп кетті. Оқиға орнында 52 адам қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Өрттің негізі себебі отты абайсыз пайдалану болып отыр.
Оқи отырыңыз:
Өзбекстан президенті Ақтөбеде өрттен қаза болғандар туралы: Біз оларға жағдай жасай алмадық
Өзбекстанда Ақтөбедегі автобус өртінде тірідей жанып кеткендердің тізімі жарияланды
Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалғандармен кездесіп, жағдайын білді (видео)
Ақтөбедегі автобус өрті: Полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр