Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлер жоғалып кеткен қарияны тауып алып, артынан жібере салған

Ақтөбеде 79 жастағы Қуаныш Төлепберген 12 наурызда үйінен намаз оқу үшін шығып кеткен. Содан бері қарияның туыстары оны көрмепті.

Бұл туралы «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дүйсенбі күні сағат 15-30 шамасында ақсақал Қуаныш Төлепбергенов үйінен шығып кеткен. Күн батып кеткенде ұлы әкесінің үйіне қайтып келмегеніне алаңдап, іздей бастаған. Ал келесі күні еріктілердің көмегіне жүгініпті.

«13 наурыз күні кешкі уақытта оны үйінің маңынан көріп қалыпты. Ақсақал бағанынң қасында намаз оқып отырған. Мұнан кейін оны полиция бөлімшесіне алып барыпты. Полицейлер жауап алған. Ақсақал барлық сұраққа жауап беріп, туыстары мен олардың есімдерін жақсы білген. Алайда тәртіп сақшылары қарияны үйіне жеткізудің орнына, жібере салған. Осылайша қария тағы да көшеде қалды», – деп жазды zello_help тобындағы ерікті Екатерина Голотина

15 наурызда Төлепбергеновті іздеуге еріктілер қосылған. Олар қарияны тәулік бойы іздестіруге уәде берді.

«Уақыт жоғалтуға болмайды. Ол кәрі адам және тоңып қалуы мүмкін. Мүмкін, ал ауық-ауық есте сақтау қабілетін жоғалтатын шығар. Бір қызығы, ол намаздың уақытынан жаңылысқан емес», – дейді Екатерина Голотина.

Белгілі болғандай, қаряи бұған дейін де жоғалып кетіп, екінші тәулікте табылған екен.

Еріктілер ақсақал Қуаныш Төлепберген туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдардан 102 немесе 8 -707- 883–97–77 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Оқи отырыңыз:

Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ОҚО-дағы баланың ісіне қатысты: Сараптамаға халықаралық мамандар тартылады

Үйінен қашып, із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім Алматы облысынан табылды

Талқылау