Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мұғалімдер төбелесіп, біреуі мерт болды

Ақтөбе облысында ұстаздар төбелесіп, бір мұғалім мерт болды. Кеуде тұсынан жарақат алған педагог оқиға орнында тіл тартпастан кеткен. Бала тәрбиелеп, білім беріп жүрген мамандар нені бөлісе алмаған? Кикілжіңге қатысты әріптестері не айтты? Оқыс жайттың жай-жапсары жайлы оқыңыз.

Елордада үндістандық жұмысшылар төбелес шығарды

Сұмдық оқиға Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында, түс мезетінде болған. Суық хабарды полицейлерге ауыл тұрғыны хабарлапты. Ол ауласында ер адамның жансыз денесі жатқанын айтқан. Тәртіп сақшыларынан құралған жедел топ дереу сонда жеткен, деп хабарлайды Евразия арнасы. 

«Қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, ол пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған факті бойынша күдікті тұлға анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі Адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Кейін марқұмның ныспысы да белгілі болды. 40 жастағы ауыл азаматы екен. Жансен Кереев атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. Ұстаздық еткеніне 20 жылдай болып қалыпты. Оның артында 3 баласы қалды.

«Дене шынықтыру және тарих пәндерінің мұғалімдері кездескен аулада. Сол жерде өзара келіспеушілік болған, туындаған. Сол келіспеушілік салдарынан дене жарақатын алған. Сол түскі мезгілде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Елтезеров қайтыс болды. Сол мезгілден бастап тергеу амалдары жүргізілуде», - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәз Сүлейменова. 

Соңы адам өліміне соқтырған жанжалға не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынған.

Естеріңізге салсам, бір ай бұрын бір-бірінің шашынан сүйреп, тепкілеп төбелес шығарған оқушы қыздар да осы Темір ауданының оқушылары болатын. Кейін оларға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда, олардың әрекеті үшін ата-аналары жауап беретін болады. Ал мұғалімнің өліміне қатысы бар күдікті кінәсі дәлелденсе 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр