Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде моншада отырып, терроризмге шақырған азаматтар сотталды

Ақтөбеде қоғамдық моншада отырып, халықты терроризмге үгіттеген үш азамат сотқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

монша мен терроризм

Ақтөбелік азаматтар сол моншаның тұрақты келушілері екен. Өздері теріс діни ағымда жүргенінен бөлек, олар жуыну жерінде отырып алып, басқаларын да осы жолға тартпақшы болыпты. Сот ер азаматтарға қатысты бірден үш бап бойынша іс қозғапты. 

Сотталған азаматтардың ең үлкені - 47 жастағы Бағдат Бисенбаев пен ең кішісі - 27 жастағы Әділжан Дәулетов өздерінің кінәсін толығымен мойындарына алды. Ал үшінші азамат адвокатпен ұзақ кеңесіп барып, кінәлі екендігін мойындапты. Олардың үшеуі де жеңіл жазаға кесілеміз деп үміттеніп отырған көрінеді. Дегенмен заңгерлер бұған күмәнмен қарады. Өйткені ер азаматтар бірден үш бап бойынша - терроризмді насихаттағаны үшін, экстремистік топта болғаны үшін және есірткі мен психотропты заттарды заңсыз сақтағаны үшін сотталған. Ең қызығы, олар өз ойларын іске асыру үшін қоғамдық монша ең лайықты жер деп тауыпты. Жуынуға келген бір ер адам олардың әңгімесінен секемденіп, барлығын телефонға жазып алыпты. Үш азаматтың да тұрақты жұмыс орны жоқ екен. 



 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 15 Қаңтар, 2020 09:05
Талқылау