Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп оқушыларына бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтін беруі мүмкін 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мектеп ас мәзіріне өзгеріс енгізу туралы депутаттарға ұсыныс тастағысы келеді.

Мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Панабек Бимұратов мектеп ас мәзіріне бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтін енгізу туралы депутаттарға ұсыныс тастайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Бөдене өсірумен айналысатын шаруалар қатары көбеюде. Әркім 10-20 бөдене асырап, хобби ретінде бастаған. Бөдене — тез көбейетін құс. Сұраныс та бар. Бал арасын мектеп мәзіріне енгізу туралы ұсыныс тастадық. Депутаттар ұсынысымызды қабылдады. Әр балаға, соның ішінде аз қамтылған отбасылардың балаларына күніне 15-20 грамм көлемінде бал беріледі. Алдағы уақытта бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтін мектеп ас мәзіріне енгізу туралы ұсыныс тастағымыз келеді», — деді Панабек Бимұратов.

Тағы да оқыңыз:

Мәжіліс төрағасы орысша баяндама жасайтын шенеуніктерге қазақша сөйлеген депутатты үлгі етті

Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады

Назарбаев: Қайда жүрсем де қазағым деймін, қазақтың мүддесін іздеймін

Талқылау