Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен өгей қызын пышақтаған: Сот отырысы басталды

Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен өгей қызын пышақтаған. Жұртты дүрсілкіндірген оқиғаға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бұл жағдайға не себеп болғаны және басқа да жайттар бүгін белгілі болды. 

Бұл оқиға өткен жылдың қазан айында Шалқар ауданы Аққайтым ауылында болды. Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, отағасы сол күні Ұстаздар күнін тойлап, үйге мас болып келген. Әйелі төсекті балалар бөлмесіне салғаны үшін ұрыс шығарған. Ақыры айқай шуға ұласып, жүкті келіншегіне екі жерден, ал қызына құлақ шекесіне пышақ жарақатын салған.

“Сендерді өлтіремін, екеуінің бастарынды шауып әкелеріннің алдына апарып беремін. Керек болса, ішіндегі баланы кесіп алып кіндігімен қоса қолына ұстатамын деген ауыр сөздер айтып сол қолында ұстаған пышағын Нағашыбайға қарай бағыттап сермеп, оң жақ кеуде тұсын кесіп, сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежелі зиян жүзі өткір кесетін заттың яғни пышақтың ден жарақатын салған”, – дейді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Арман Қоңырбаев.

Күдікті артынша есін жинап өзінің анасына және інісіне хабарласып, болған жайды айтқан. Мектеп директоры дереу қамауға алынды. Оған екі бірдей бап бойынша айып тағылып отыр. Бірақ күдіктінің қорғаушылары бұл ауыр жаза деп есептейді.

“Менің қорғауымдағы Данабековтың әке-шешесін, інісін шақырған. Оған дейін іс –әрекет жасауына мүмкіндік болғанын бұл жерде Данабековтың іс-әрекетінде ҚР ҚК 99 баптың көрсетілген қылмыстың құрамының жоқ екендігі анық көрініп тұруына байланысты. Іс әрекетін ҚР ҚК 115 бабын қорқытуға қайта саралауды сұраймын”, – дейді қорғаушы Қуандық Ерсейітов.

Сот қорғаушының өтінішін қаңағаттандырмады. Айта кетейік, жәбірленушінің өзі сотта болған жоқ. Өйткені ай күні жетіп, босанғалы отыр екен. Соттың келесі отырысы 9 ақпан күні өтеді.

Талқылау