Ақтөбеде лудоман-мұғалім оқушыларының ата-аналарын алдап, ақша алған

Ақтөбеде лудоман-мұғалім оқушыларының ата-аналарын алдап, ақша алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айыпталушы математика пәнінің мұғалімі жеке оқу орталығында жұмыс істеген. Ол орта деңгейдегі оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектептері мен дарынды балаларға арналған "Білім Инновация" мектебіне түсуге дайындаған.
Мұғалім өзінің төрт оқушынысың ата-аналарына балаларын ақшаға Назарбаев зияткерлік мектебіне түсіріп бере алатынын айтып ұсыныс жасаған. Ал ата-аналар балаларының болашағы үшін мұғалім сұраған ақшаны берген.
Алайда көп ұзамай ата-аналар алданып қалғандарын түсінген. Сотта мұғалім өзіне тағылған айыптарды жоққа шығармады, керісінше мойындап, өз құрбандарынан кешірім сұрады. Сонымен қатар сотта математика мұғалімінің құмар ойынға тәуелді екені, ата-аналардан алған ақшаны да бәс тігуге жұмсағаны анықталды.
Екі ата-ана мұғалім 3,3 миллион теңгелерін қайтарылып, кешірім сұрағаннан кейін айыпталушыны кешірген. Бұл эпизодтар бойынша педагогқа қатысты іс тоқтатылды.
Қалған екі ата-ана, соттан педагогке жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы олардың да 3,2 миллион теңгесін қайтарып берген.
Ақтөбе қаласының №2 соты 40 жастағы мұғалімді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?