Ақтөбеде ломбардқа жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды (видео)
Ақтөбеде ер адамның ломбардтан ірі көлемдегі ақшаны алып қашқан сәті түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Медициналық бетперде мен күннен қорғайтын көзілдірік киген азамат ғимаратқа баса-көктеп кірген. Кадрлардан оның қолында тапаншаға ұқсайтын зат болғанын көруге болады. Ер адам кассадан ақша алып жатқанда, ломбардтағы әйел қорқып, оған қарсылық көрсетпеген.
Қазіргі таңда күдікті анықталды.
"Күдікті – 42 жастағы ер адам. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген ведомствода.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”