Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде құқық қорғаушы ақыл-есі кем балаларға жәбір көрсетілетінін жайып салды

Құқық қорғаушы Алима Әбдірова Жайсаңдағы ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымында тәрбиеленушілерге жәбір көрсетілтетінін ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Ару ана» басқарушысы тәрбиеленушілердің бірінің көптеген жарақат алғанын желіде жазды.

«Директор бұл жағдайды тіркеген жоқ. Балаға бас миының рентгені және тамография жасалмады. Арқасы көгеріп қалған. Сондықтан ішкі ағзалары қаншалықты зақымдалғаны белгісіз», – деп жазды Әбдірова.

Әбдірованың айтуынша, оқиға Мәртөк аудандық ІІБ-де тіркеліп, қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары басталған.

«Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының прокурорының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіковтен алдым. Ол медициналық сараптама баланың басындағы көптеген ісіктер барын растады», – дейді Әбдірова.

Sputnik Қазақстан хабарлауынша, Ақтөбе облысының прокурорының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков құқық қорғаушының сөзін растады.

«Мен бұл фактіні жасыра алмаймын. Тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Мән-жайы туралы алдын ала айта алмаймыз. Қолымыздағы ақпарат бойынша, ұйым қызметкері жұмыстан босатылды», – дейді Сүйіндіков.

Айта кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында Алима Әбдірова «кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығындағы азғындық» жөнінде айтқан сөзінен бас тартпағандықтан, 2 жылға сотталған еді. Сотта Әбдірова өз кінәсін мойындамады және сот шешімін заңсыз санайтынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысының экс-әкімі жауап алу үшін Астанаға шақыртылды

Шахтинскіде жасөспірім өртеніп жатқан үйден алып шыққан жігіт көз жұмды

Алматыда арықтардан тонналаған қоқыс шығарылып жатыр (фото)

Ақтауда жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған қыздардың видеосы олардың отбасына көрсетілмек

Талқылау