Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көз жанарын жара басқан келіншек көмекке зәру

Ақтөбеде көз жанарын жара басқан келіншек көмекке зәру. 29 жастағы Гүлназ Бимашованың көзінің қасаң қабығын шұғыл ауыстыру қажет. Бірақ оған елімізде донор жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Гүлназдың көзі алғаш рет екі жыл бұрын жанына батып ауырған. Ол кезде ауылда тұрыпты. Облыс орталығындағы мамандарға қаралғанда дәрі жазып берген. Кейін асқынып ақ түскенде ауруханаға қайта жатады. Қазір бір көзі мүлдем көрмейді.

Жара басқан жанарын емдетуге Ақтөбеге көшіп келген. Бірақ мұндағы мамандар да қауқарсыз. Өйткені көзінің қабығын толық сылып алып тастап, жаңасын жамау керек. Ал елде оған донор жоқ.

Көршілес Ресейден бастап бірнеше елге сұрау салған. Түркиядан ғана келісім хабары келіпті. Бірақ ол жақта операция жасатуға жағдайы жоқ. Өздері жатақхананың аядай бөлмесін жалдап отыр. Күйеуінің айлығы төрт баланың тамағынан артылмайды. Енді жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

“Көзімнен айрылып қалғым келмейді. Не болғанда да әлі жаспын ғой. Жазылғым келеді. Бұл көз қазір көрмейді оң жақ көзім. Қазақ халқынан, мұсылман қауымнан көмек сұраймын. Әрбір 50 теңге болсын, жүз теңге болсын”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлназ Бимашова.

Гүлназ Бимашова,  +7 771 611 00 28

 

Талқылау