Ақтөбеде кәсіпкердің 57 млн теңгесін ұрлаған атыраулық іздестіріліп жатыр
Ақтөбе облысында кемпинг қожайынының қомақты қаражатын ұрлап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік полиция департаменті Атырау облысының тумасы Фархад Ғаббасовты іздестіріп жатыр. Ол өткен жылдың қараша айында Қобда ауданы, Жарсай-2 ауылының маңында салынып жатқан кемпингтен қомақты ақша ұрлады деген күдікке ілінген.
"Кемпинг қожайынына тиесілі 57 млн теңге ұрланды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша іс тіркелді. 42 жастағы Атырау облысының тумасы Ақтөбенің Алға қаласында тұрған, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Ақпаратқа сәйкес, күдіктінің денесінде операциядан кейінгі тыртығы бар. Оң қолында орта және сұқ саусақтары жоқ, көзілдірік киюі мүмкін.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"