Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде кәсіпкер студенттер тегін тамақтанатын асхана ашты

Ақтөбелік кәсіпкер Ербол Байжарқынов студенттерді тегін тамақтандырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбеде «Қазақ» асханасы ашылды. Мұнда студенттік билет арқылы тегін тамақтануға болады. Ас мәзірінде сорпа, етті макарон, шай мен қант, нан бар.

«Өзім Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің ІІ курс студентімен. Қызылорда облысынан келіп оқып жатырмын. Жаңа асхананың ашылғаны туралы ақпаратты әлеуметтік желі арқылы естідім. Бұл біз үшін жақсы жаңалық болды. Енді асханаға жиі келіп, тамақтанамыз», – деді студент Бердібек Аманбек.

Кәсіпкер күніне 100 студентке тегін тамақ әзірлеп береді. Аспаздар түске дейін, түстен кейін екі рет тамақ пісіреді. Барлығы екі аспаз, екі қамыр илеуші мен еден жуушы еңбек етеді. Даяшылар да жұмыс істейді.

«Студенттерге арналған асханада бес түрлі тағам тегін. Ал өзге адамдарға бәрі ақылы болады. Асхана 8 сағат жұмыс істейді. Ашылған алғашқы екі сағатта 60-тан астам адам келіп, ас ішті. Бәріне алдын ала хабар берілді. Жоғары оқу орындарына ақпараттық қағаз таратылды», – деді асхана әкімшісі Ақмаржан Үмбетова.

Айта кетейік, бұл асханада әр сенбі сайын студенттер жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, олардан бизнесті бастау жолын үйрене алады. «Өз тәжірибеңмен бөліс!» атты кездесу де тегін өтеді.

Оқи отырыңыз:

19 жастағы модель пәктігін 2,5 млн евроға сатты

Кореялық медбикелер басшылықтың талабымен эротикалық би билеуге мәжбүр болған (видео)

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

 

 

 

 

 

Талқылау