Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданған салымшылар наразылық ұйымдастарды

Ақтөбеде "Unnity corporation" компаниясының салымшылары қалалық соттың алдында наразылық шарасын ұйымдастырды. Олар халықты алдап, пирамида құрғандар жазалануын, елдің миллиондап салған ақшаларын қайтарып беруді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Негізі, бұл ұйымның қылмысы 2018 жылы ашылған еді. Алайда бүгінгі күнге дейін оның тек басшысы ғана сотталыпты. "Unnity corporation" қаржылық пирамидасына алдандық дегендер ақ қағазға жазылған ұран ұстап, ақшаларын қайтаруды талап етіп келіпті.

Олардың сөздерінше, осыдан үш жыл бұрын "елде жоқ мобильді қосымша ойлап таптық" деген компания Қазақстан бойынша қырық мыңнан аса адамнан ақша жинап алған. Азаматтарды "компанияға ақша құйып, адам ертіп әкелсең күніне миллиондап қаржы түседі" деп алдапды .

"Мына индрайвер, олх, крыша, колесо деген сияқтылар бәрі шет елдің программасы. Біздің экономикамыздың ақшасы сыртқа кетіп жатыр. Сондықтан сондайға ұқсас "Апорт" деген қосымша аштық деді. Үш пакетпен шақырды. 35 000, 70 000, және 350 000. Тамыздың басында қосымша қосылады, әлемдік айналымнан күніне жоқ дегенде бес мыңнан түсіп отырады деді. Сөйтіп отырғанда тамызда жабылды да қалды", - деді қала тұрғыны Қарагөз Арғынбаева.

"Біз міне, осында қара халық осыған дейін алданып, ақшамызды салдық. Мен 350 мың теңгемді аудардым. Әлі күнге дейін жүрміз. Қазір төрт жылға таяп қалды. Әлі ешқандай хабар жоқ. Мына сот тезірек бітсін. Халықтың ақшасы қайтарылсын", - деді тұрғын Гүлзат Оразалина.

Осыдан екі жыл бұрын дәл осы пирамиданы құрған Қуаныш Жақсыбаев сот үкімімен алты жарым жылға сотталған еді. Ал қазір сол қаржылық ұйымның жұмысын жүргізген тағы тоғыз сыбайласы жауап беріп жатыр.

"ҚР ҚК 217 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен сотқа берілген Жақсыбаевқа, Жұмабаевқа және тағы басқа сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралуда, Аталған іс сотқа 2020 жылдың мамыр айының 28-де түсіп, маусымда алдын ала тыңдау өткізілді. Қылмыстық іс бойынша 2840 азамат жәбірленуші ретінде танылған. Қазіргі таңда сот тергеуі жүргізіліп жатыр", - деді Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз хатшысы Гүлайна Нұржанова.

Ұзаққа созылған процестің нақты қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Алайда салымшылар қаржылық ұйымды ашып, халықты алдап ақша жинағандар заң бойынша жазасын алып, салған ақшамызды түгел қайтарып берсін деп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр