Ақтөбеде карантин қайта күйшетілмекші
Ақтөбе облысында карантин қайта күшейтілмекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетінін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мәлім етті.
"Ақтөбе қаласы мен бірнеше ауданда шектеу шарасы күшейтілді. Соған қарамастан сақтық шарасын ұстанатындар аз. Біз тағы да ескертеміз. Той-садақа жасауға болмайды, адам көп жиналатын жерге бармаймыз. Ауруханаларда өкпенің қабынуы дертімен түсіп жатқандардың 95 пайынынан коронавирус анықталмады. Ал шектеу шарасына келер болсақ, егер жағдай қиындай түссе міндетті түрде шектеу одан әрі күшейтіледі", - деді облыстың бас санитар дәрігері.
Блок-бекеттердің қойылуы мүмкін екенін облыс әкімдігі де жоққа шығармады.
"Көрші облыстарда карантин күшейтіп, блокпостар қойылғаны рас. Мұнай жағдай кез келген уақытта бізге келуі мүмкін. Талап сақталмаса, күшейтіледі. Ол жағдай әр салаға кері әсерін тигізуі ықтимал. Әр ортада, ұжымда санитария талабы сақталуы тиіс", - деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов.