Ақтөбеде қара киіммен тұмшаланған әйелдер мектеп алдында намаз оқып жұртты шошытты (фото)
Ақтөбедегі мектеп алдында намаз оқыған әйелдер жұртты шошытты.
Қазіргі қоғамда қара киіммен бет-аузын тұмшаланғандарды көрген жұрт секем алып қалатын жағдайға жеткен. Оның үстіне оқу ордасының алдында құлшылық еткендерді көрген жұрт мұны ерсі деп білді.
Оқиға 9 қаңтар күні Ақтөбедегі 56-мектеп алдында болды.
Исламда уақыты кірген парыз намазын қаза қылмай оқу керек екені айтылған. Алайда, көпке жария ету үшін, мақтан үшін оқуға болмайтыны да ескертілген.
Жұрт арасында әйелдердің құлшылығын ерсі дегендер де, қолдағандар да бар. Желі қолданушыларының пікірі де екі түрлі.
«Бұл көрініс оқушылардың психологиясына кері әсер етеді», «Олар жай ғана құлшылық етіп жатыр», «Темекі шегіп, арақ ішкеннен жақсы емес пе?», «Қазақ қыздары қара киінбеген. Исламда да бетін тұмшалау парыз емес», «Намазды мақтан үшін емес, жасырып оқыған абзал» деп жазды желі қолданушылары.
Тағы да оқыңыз:
Танымал қазақ миллионері тергеушілер жауапқа ала бастағандықтан шетелге көшкенін айтып берді
Діни басқарма мәлімдемесі: Балиғат жасына толған мұсылман қызына орамал тағу – міндет
Тағы да сұмдық оқиға: Ақтөбеде банк қызметкері әріптесін қонаққа шақырып атып өлтірді