Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қанды қырғын жасаған террористер өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Ақтөбеде 5 маусым күні қанды қырғын жасаған террористерге қатысты сот отырысы да өз мәресіне тақап келеді. Бүгін прокурор терактіге қатысушыларды өмір бойына бас бостандықтарын айыруды сұрады.

3062efedd20f84d652b5078acd75ed45

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Жалпы саны айыпталушы 29 адамға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Оларды радикал Дмитрий Таңатаровтың қолбасшылығымен терактіге қатысты деп айыптауда. Мемлекеттік айыптаушының пікірінше, қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған 9 адам өмір бойына бас бостандықтарына айырылуы тиіс.

Қалған айыпталушылар қылмысты жасырғаны үшін, қару-жарақ сақтағаны үшін деген айып негізінде 4-6 жыл көлемінде түрмеге отыруы мүмкін.

Еске сала кетсек, қаладағы қанды қырғын 5 маусым күні болған еді. Терроршылар екі қару-жарақ дүкені мен ҚР ұлттық гвардиясы орналасқан әскери бөлімге шабуыл жасаған.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде 23 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті

Мөлдір Әуелбекова: Босанар кезде қасымда серігімнің болғанын қалаймын

Ninety One тобы сырға мен сахнада жұлқынып би билеуден бас тартты (видео)

Түркияның әншісі Бурай Қайрат Нұртаспен бірге «Байқа» әнін орындады (видео)

Талқылау