Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде букмекерлік кеңсе клиенттерін сабаған күзетшілер оларды тізерлеп тұруға мәжбүрлеген

Ақтөбеде күзетшілер букмекерлік кеңсеге келген клиенттерді ұрып-соғып, оларды тізерлеп отырғызып қойған.

9d7d01a8-87ef-4588-b576-31fd58b34677

фото: chopsarmat.ru

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Мекеме күзетшілері мен төрт мас клиент арасында ұрыс туындайды. Кеңсе қызметкерлері “Лига” күзет агенттігінің өкілдерін шақырады. Ал куәгерлер полицияға хабар берген.

Сотта зардап шеккендердің айтуынша, олар мас күйде болғандықтан кеңсе олардың тіккен бәстерін қабылдаудан бас тартқан. Ал күзетшілер келіп жатқан кезде, олар такси ұстап кеткелі жатқан. Оларды күзетшілер резеңке таяқпен ұрып, ішке кіргізіп кісен салып, тізерлеп тұруға мәжбүрлеген. Күзетшілердің бірі зардап шегушілердің бірінің басына тапанша кезеніп қорқытқан.

Сондай-ақ, зардап шегушілер айыпталушылармен өзара келіскенін, оларға еш кінә артпайтындарын да айтып, жауапкершіліктен босатуды сұраған. Ал айыпталушылар қылмысқа қатысы бар екенін толықтай мойындаған. Олар прокуратурамен бірнеше мәрте тырысып көргенімен, сот оған қарсылық танытқан.

Соттың шешімі бойынша, күзетшілерде арнайы қаруды қолданатындай құқық та, себеп те болмаған. Өйткені, зардап шегушілер оларға қандай да бір қарсылық көрсетпеген. Тиісінше, заң бойынша да резеңке таяқпен бастан, мойыннан, іштен, жыныс мүшелерінен ұруға болмайды. Ал айыпталушылар бұл тыйымдарды белден басқан.

Айыпталушылардың бірі бұған дейін алты ұры мен 12 бұзақыны ұстаған тәжірибелі маман екен. Ал тағы бірі 2011 жылы Астанада өткен Қазақстан қарулы күштерінің әскери шеруіне қатысқан. Алайда бұл мінездемелердің ешқайсы оларды жазадан құтқарып қала алмады. Сот тек олардың үшеуінің балалары бар екен, ал екеуінің әйелінің аяғы ауыр екенін ескеріп жазаны жеңілдеткен.

Қорытындысында сот әр күзетшіні бір жылдан бас бостандықтарынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған

Алматыда жезөкшелікпен айналысатын притондар жабылды

Қазақстан жол апатынан қаза табатындар саны бойынша бірінші болып тұр

«Астана-Көкшетау» тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

Талқылау