Ақтөбеде газ тапшылығы қолдан жасалған болуы мүмкін
Ақтөбеде газ тапшы. Бірнеше күдіктерге байланысты автогаз тапшылығына қатысты арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлады.
Комиссия құрамына әкімдіктегілерден бастап, ұлттық қауіпісіздік комитеті мен ішкі істер департаментінің тергеушілері де кіреді.
Олар көліккке құятын көгілдір отынның жетіспеушілігіне кінәлілерді іздейді. Өйткені энергетика министрлігі осы айда аймаққа газды артығымен бөлген. Алайда, жанармай бекеттері бұл отынды тек талонмен ғана беріп жатыр. Ал кейбірінде мүлдем сатылмайды.
Санаулы ғана бекетте қолма-қол ақшаға алу үшін сағаттап кезек күтуге тура келеді. Қазір көлік газына қатысты күдік көп.
Газ бағасын көтеру үшін кәсіпкерлер әдейі қорды тығып отыруы немесе өзге аймаққа қымбатқа сатуы да мүмкін.
Бұл күдікке дәлел: жыл басында газды Ауғанстан асырмақ болған ақтөбелік кәсіпкерлер ұсталған еді.
Көлік жүргізушілері де газ тапшылығы қолдан жасалып отыр деген пікірде.
Тағы оқыңыз:
Қазақстанның жедел жәрдем көліктері лимон түске боялады
Метрода қызды пойыздың астына итеріп жіберді (видео)
СІМ:Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін барады