Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде газ құю станциясында алапат жарылыс болды (видео)

Ақтөбеде газ құю станциясында жарылыс болды (видео)Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жанып, жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарылыстан пайда болған өрт екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған.

Ақтөбеде газ құю станциясында жарылыс болды (видео)

Фото: ТЖД

ТЖД күштері оқиға орнына дереу жетіп, өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеді. Олар қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол берген жоқ.

“Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 08:45